Басты бет Әлеумет Байлаусыз баға

Байлаусыз баға

0
734

Байлаусыз баға

Еліміздегі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – баға тұрақсыздығы. Әлеуметтік қажеттіліктердің сағат санап құбылған құнын ауыздықтайын қайран болмай тұрғандығын барлығымыз күнделікті қымбатшылықтан анық аңғарып жүрміз. Оның ішінде азық-түліктер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар, оқу құралдары мен дәрі-дәрмек сияқты күнделікті тұрмыс- тіршілікке ауадай қажет мұқтаждықтардың бағасы сәт сайын өсіп бара жатқандығы тағы да сол халықтың үлкен уайымына айналып отыр. Естеріңізде болса жыл басында орын алған қасіретті қаңтар оқиғасы дәл осы қымбатшылықтың кесірінен тұтанған болатын. Сұйытылған газға  деген бағаның көз ілестірмей көтерілгені ең алдымен батыстағы ағайынның алаңға шығып, билікке орынды талап қоюына себепші болды. Осылайша халықтың толқуы еліміздің барлық өңірлерін шарпып, арты арам пиғылдылардың құйтырқы әрекетіне дейін ұласып, Тәуелсіздігімізге қол сұғылып, билікті басып алуға дейінгі қадамдарға жалғасқан болатын. Сол сәттегі Президентіміздің нақты әрі батыл шешімдерінің арқасында елдігімізді сақтап қала алдық. Алайда осындай орны толмас қайғылы оқиғаның өзі әлі де болса елімізде қымбатшылық мәселесін оңтайлы шешуге, баға тұрақтылығын тиісінше қадағалап, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктердің қымбаттап кетуінің алдын алуға нәтижелі шаралар қолдануға түрткі болмаған сыңайлы.

Еліміздің барлық өңірлеріндегі бағаның шарықтап өсуіне ең алдымен арадағы алып-сатар ірілі-ұсақты тауарды жеткізіп беретін делдалдар себепкер болып тұрғандығы айдан анық. Алысқа бармай-ақ ауданымыздағы азық-түлік бағасының аспандап кетуіне жергілікті атқарушы органдар мен депутаттар тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталғандай өңірлерге жеткізілетін азық-түлік пен басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар халықтың қолына пайдалануға беретін дүкен сөрелеріне жеткенше бірнеше қолдан өтіп, бағасы сан рет түрленіп, соңында тұтынуышға жаға ұстатарлықтай бағаға бірақ келіп жететіндігін анық байқадық. Еліміздің шалғай елдімекендері мен аудан-ауылдарына халықтың күнделікті тұтынатын тауарларын өнідіріс ошақтары мен мемлекеттік қоймалардан тікелей тасымалдау шараларын жүзеге асыруды қолға алу немесе аталмыш тауарларды жеткізумен айналысып жүрген саны бар сапасы жоқ мыңдаған делдал компаниясмақтардың бағаны қолдан жасап, ойына келген бағасын үстемелеп тастамауын қадағалайтын заңның тетігін ойластыруды, болмаса солардың әрекетін қатаң қадағалап отыру сынды нақты әрекеттер қолға алынбаса бағаның өскені өздігінен тоқтап қалмайды. Ол ең әуелі қымбатшылықтан жүйкесі жұқарып отырған халықтың ашу-ызасын тудырып, тағы сол жаппай наразылықтар мен билікке деген сенімсіздікке әкеліп соғады.

Қымбатшылық десе азғантай тапқан айлығын шайлығына тартқыштап жеткізе алмай жүрген ауылдағы ағайын көз алдыңа келеді. Қымбатшылық десе әр нәрсені үнемдеп шаршаған, бала-шағаның аузынан жырып несие төлеп жүрген, қарызға белшесінен батқан қарапайым халықтың жан айқайы құлағыңа естіледі. Елдің тұрмыс-салтын жақсарту үшін ең алдымен қымбатшылықпен күрескен абзал сыңайлы. Маңдай тер, табан ақы тапқан табысымыз берекелі болатын, жегенімізден артылып, кигенімізге емін-еркін жететін кеңшілік күндердің келетіндігіне сеніміміз мол.

Ақжол Нұрдәулетұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Итоги года глазами казахстанцев: результаты социологических исследований

5 декабря 2024 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте Р…