Бостандығым — бақытым

0
372

«Халқымыздың бірлігінің арқасында қуатты,тәуелсіз, гүлденген мемлекет құрылды», – дейді Елбасымыз. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың күні. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың сөзімен айтар болсақ «Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл көзді ашып-жұмғандай қас қағым сәт. Дегенмен, бұл қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады».

Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі жаңа қырынан қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы күштеріміз құрылды. Ата-заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Ел аумағын ядролық қарудан тазарттық. Елордамыз Сарыарқаның төсіне көшті. Нарықтық экономикаға аяқ басып, келешегімізді бекем еттік. Жастар әлеміне маңдайалды оқу орындары ашылды. Түрлі дағдарыстан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын ата-жұртқа шақырып, ел еңсесін тіктеді. Міне, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы іргетасы осылай қаланды.

Келесі кезеңдерде еліміздің керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетін, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналдық. 2050 жылға дейін старатегиялар қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылудың үдесінен шықтық. «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» сияқты ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырдық. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік. Болашақ жастардың қолында деген ұранмен білім ошақтарын кеңейттік, білікті де білімді мамандардың білімін жетілдіріп мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын арттыруға күш салдық.

Жұмақыз ТАСЫБАЕВА, 

Ақтам  орта мектебі  директорының оқу ісі  жөніндегі  орынбасары

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…