Басты бет Әлеумет Шәкірт үшін мерейлі жан

Шәкірт үшін мерейлі жан

0
1,715

Ең мөлдір әлемнің жүрегіне еніп, білімге баулитын жандардың тынымсыз еңбегі ұзақ жылдардан кейін ғана білінеді. Алдында отырған баланың өмір жолына сүйемдей жақсылығы мен ыждаһаттылығы бала көңілдерде жатталып та қалады. Мұғалім – балалардың оқу  қызметінің  кәсіби басқарушысы.  Сабақ үстіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі – өнер.  Ол – балалардың ақыл-ойын, қабілетін,  дағдысын мақсатқа сай пайдалана білу  өнері. Мұғалім еңбегіне тек белгілі бір функцияларды орындаудан тұратын қызмет түрінде қарауға болмайды. Педагогикалық қызметте тікелей адам тағдыры жатқандықтан, оны нұсқаумен орындалатын нормативтермен өлшеуге келе  бермейтіні  тағы бар.


Тасқарасу орта мектебінде ұстаздық етіп жүрген Ақерке Нұрбекова – «ақырын жүріп, анық басатын» мұғалима. Мінезінің көркемдігі бір төбе, өз пәніне деген сүйіспеншілігін сөзбен айтып жеткізу тіптен мүмкін емес. Мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарған анасы Советхан Бектемісованың оң ықпалы болса керек, жауапкершілікті ерте сезініп, еңбек жолын бастауыш сыныпқа даярлық тобына жетекшілік етумен бастайды. Бастапқыда балалардың еркетотайы сыныптан қашып кетпес үшін есікті жауып алуына тура келгендігін күліп есіне алады бұл күндері. Өмір мектебі деген үлкен сынақ жолы бар. Сол жолда өзінің алдына қойған мақсаты мен армандарын ұштастырып, мектептегі еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімдігінен бастағаны бүгінде оған зор көмегін тигізуде. Өзінің жүрек қалауы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан соған қол жеткізу үшін Қазақтың ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түседі. Оны жақсы бағалармен аяқтаған соң өзінің ұшқан ұясы мектебіне шәкірт емес, ендігі жерде жоғары білімді мұғалім болып оралды. Әр оқушының қабілет, қарымына қарай оларға жеке-жеке пікір білдіріп, басқаша әдістерді қолданып, әдебиет әлеміне жетелегенін бүгінде оның алдынан дәріс алған оқушылары әңгімелеп, жылы тілектерімен естеріне алып отырады. Шешендігінде шек жоқ. Қай тақырыпты алса да бү-кіл ортаны бірден баурап алатын қасиеті де ерекше. Оның себебі Ақерке апайдың өз мамандығына деген адалдығы. Ол – тумысынан мұғалімдік қабілетті бойына сіңіріп өскен жан. Өзінен гөрі балаларының жақсылығын, талабын, талантын іздеп жүретін ол қашанда көш басында жүреді. Бұл да кез келгеннің бойынан табыла бермейтін қасиет болар. Мәселен классик жазушымыз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасын» балалардың көбісі кинофильм арқылы біледі, фильм арқылы бағалайды. Ал Ақерке Ерланқызы оның кітаптық нұсқасын оқуды талап етеді. Сосын кітап пен фильмді салыстыра отырып кейіпкердің бүкіл болмысын ашуға тырысады. Кітап оқығысы келмеген оқушылардың өзін белгілі бір деңгейде кітапқұмарлыққа жетелейді.
Бүгінгі заман – техниканың, ғарыштық ғаламның дәуірі. Яғни тек кітап оқумен немесе бағдарламамен шектеліп қалуға болмайды. Бүгінгі білім саласы жаңа бағдарламаны жеткілікті деңгейде меңгеруге тек ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, өмірдің әртүрлі кезеңінде сауаттылығын үйлесімді дамыта білетін ұстаздарды қажет етеді. Жаңа бағдарлама бойынша түрлі тәсілдерді орнымен, сәтті қолдана білуге кәсіби шеберлік қалыптасқан жағ-дай-да көрініс таппақ. Онсыз білім жанбай қалған шаммен тең. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, теориялық білімнің тәжірибе барысында айрықша мәнге ие болуына негізгі кілттің бірі – әдіс-тәсіл. Осы турасында апайдың «құрағың қандай болса, көрпең де сондай» деген ілкіліктегі өрнекті сөзді алдына келген шәкірттеріне айтып отыратыны, үйретіп, тоқытып отыратыны оның тағы бір ерекшелігі дей аламыз. Ешқашан оқушы сұрағын жауапсыз қалдырмайтын ұстамдылығы бар ұстаз жүрегіндегі мейірім бүгінгі оқушы, ертеңгі тұлғаға өте керек. Өйткені түзу бапталған ағаштың көлеңкесі де түзу, саясы жайлы келмей ме? «Кез келген баланы баулыса, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады» деп нық сеніммен айтатын ұстаздың шәкірттері ауыл ғана емес, аудан мерейін де асырып жүр. «Жаманыңды көрмесем» деп құрақ ұшатын ата-анаға баласының жақсы атын шығарғанынан артық бақыт бар ма екен? Ал ұстазы үшін де дәл солай. Өзінің дарынды шәкірттерімен мақтана алатын ұстаздың «Жұлдызды қолтаңба» республикалық байқауында Дүйсен Зейіннің II, Нұрғазы Назымның I орынды еншілегені де зор бақыт. Шәкірті үшін мақтана алатын ұстаз бақытты. Бәсекеге қабілеттілікті талап ететін заманда топжарған әрине, ғанибет. Десе де Ақерке Ерлан-қы-зы өзі сабақ беретін сынып оқушыларының еркін ойлау қабілетіне, ойын анық жеткізе білулеріне, мәнерлеп оқу мен сахна мәдениетіне баса назар аудара білетін де қасиетін айтпасқа болмас. Ол сабақтан бос уақытында сахналық қойылымдар қойып, әртүрлі тақырыптарда концерттік бағдарламалар ұйымдастырудың шебері. Алғырлығы, ізденгіштігі Ақерке апайды талай рет биіктерге жетеледі. Оны қалалық мектептерге жұмысқа шақырды. Болашағының, лауазымының өсетіндігіне уәде де берісті. Бірақ туған жеріне туын тіккісі келген мұғалім өз бақытын туған жерінен тапқысы келді.
Оқушылары қабағынан ығатын емес, көңілі қалмаса екен жүретін ұстаздың кейде сырласқа айналып, әр баланың табиғатына орай қадам жасап отыратыны бар. «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дейді. Ақерке апай шабыттандырады. Сондықтан да ол – әр бала үшін ең мерейлі жан.
А.АСАНҒОЖА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…