Басты бет Әлеумет Мұхамедиұлы: 7 бағытты қамтитын экспедиция дайындаудамыз

Мұхамедиұлы: 7 бағытты қамтитын экспедиция дайындаудамыз

0
1,297

7 бағытқа арналған бүкіл қазақстандық экспедицияға дайындық жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын табысты жүзеге асырар болсақ, Елбасымыз айтқандай Қазақстанның болашағы мүлдем басқаша болады. Өйткені, әр халықты оның рухани байлығы мен сана-сезімі қалыптастырады. Ал бұл бағдарлама біздің сана-сеніміміздің жоғарылауына, өз құндылықтарымызды сақтауға септігін тигізіп, дүниежүзінде қазақ кім дегенде «мен» деп мақтанышпен айтатындай жағдайға жеткізуі тиіс», — деді министр.

Осы ретте Арыстанбек Мұхамедиұлы қазірдің өзінде мәдениет, спорт, өнер сынды салаларда зор жетістіктеріміз бар екендігін баса айтты.

«Димаш Құдайбергенұлы сынды жас әншілеріміз бүкіл дүниеге танымал. Мәселен, 300 қытай жиналып алып, қазақ тілінде «Дайдидау» әнін орындады. Мұның барлығы үлкен мақтаныш. Біз (өзіміздің азаматтарымызға) қазақ тілін үйреніңдер дейміз. Ал басқа ұлттық өкілдері осындай жастарымыздың арқасында қазақ тілін өздері-ақ үйреніп жатыр»,- деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында еліміздің өңірлерінде жастар еліміздің тарихи аймақтарына экспедициялар ұйымдастыру үстінде. Ал Мәдениет және спорт министрлігі болса жаз айында 7 бағытқа арналған бүкіл қазақстандық экспедиция дайындауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…