Алматы облысы ТЖД ескертеді! Пеш жағу маусымында улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін үш айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақаулықтарды уақытымен жөндеп, жарықтарды майлау қажет.
— жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сонымен бірге оны балалардың қараунда қалдырмаңыз;
— жағу үшін дайындалған отынды пештің алдындағы темір тақтайшаға қоймаңыз;
— пешті қатты қыздырмаңыз;
пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдану (қатты, сұйық, газды);
— жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 метр ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге жол бермеңіз;
— желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдаланбаңыз.
Пеш жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі