Шарын ауылы еңбек көрігін қыздырған, тұрғындарының тұрмыс деңгейлері жоғары, жердің, табыстың көзін тапқан нағыз еңбекқор жандар тұратын елді мекен. Оларда малдың қоңдысы, жүгерінің дәндісі, жеміс-жидектің дәмдісі түгелдей дерлік өседі. Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Жамал Оқаева да осы ауылдағы сыйлы, беделді жандардың қатарында. Мүмкіндігі шектеулі болса да ешкімнен кем қалмай, мал өсіріп, егін егіп, киім тігіп талай адамға үлгі көрсетіп жүр. «Nur Otan» партиясының атынан үміткер ретінде ол жақында ауылдық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, арасында ауданда атқарылған жұмыстар легімен де таныстырды. 2023 жылы Шарын ауылындағы аурухананың күрделі жөндеуден өтетіндігін тілге тиек етті. Одан басқа да медицина саласына қатысты алдағы жылдары жоспарланған жұмыстарға тоқталды. Аудан орталығындағы аурухананың қазандық пештерінің ауыстырылып, газбен жылытылатындығын, барлық ауылдардағы медициналық мекемелердің жедел жәрдем көліктерімен қамтылатындығын айтты. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында скринингтік зерттеулердің жүйелі жүргізілуін, халық денсаулығының алдын алу үшін барлық шаралардың жасалуын да ескертті. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Осы дауыс арқылы бүгінгі қол жеткізілген табыстарымызды әрі қарай дамыта түсетін боламыз деген түйін сөзін де айтты. Ақ халатты абзал жандар партия атынан кездесуге келген Жамал Қожамбердіқызының әңгімесінен көкейлеріне көп нәрсе түйгендіктерін айтып, сайлауға бір кісідей атсалысатындықтарына сендірді.
Мұхтар САМАЛБЕКОВ