Берекесі таусылма-ған ауылдың адамдары да ерекше болады. Байлық қуып немесе қу дүниенің соңына түспесе де өздерінің қоңырқай күйлеріне шүкіршілік етіп, тіршіліктерін жасап жатқан жандармен кездесу үшін 21 желтоқсан күні Кепебұлақ ауылына үгіт-насихат тобы топ ете қалды. Олардың мақсаттары – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 бағытымен тұрғындарды таныстыру. Партияның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері сараланып, алдағы атқарылар міндеттері толықтай түсіндіріл-ді. Ауылда бюджеттік қызметкер-лер легінің үлкен бөлігін мұғалімдер құрайтын-дықтан жиналғандардың да басымы мектеп қызметкерлері болды. Нұрәкім Есжан өзінің өмір жолында «Nur Otan» партиясының қандай рөл атқарғандығын айтып, салмағы да, сапасы да бәрінен жоғары тұрған партияның бүгінгі жетістіктерін санамалады. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Арлен Османов пен Зайнидин Тохсуновтар да аудан көлеміндегі қол жеткен табыстарға тоқталды. Сұрақ қойған көпшіліктің көкейінде мектеп мұғалімдерінің жалақылары көтерілгенде, еден жуатын, күзетшілер, аула сыпырушылардың жалақыларының неге өспей қалғандығы сөз болды. Үміткерлер өз кезегінде тиісті орындармен байланысып, оның себептерін білуге уәде берісті.
Кепебұлақтықтар өз кезегінде сайлауға түгелдей дерлік қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтысты. Ауылдың тіршілігі жаман емес, сондықтан көш бастаған партияға олардың сенімі мол.
Тоғжан ДИҚАНБАЕВА