Басты бет Сайлау 2021 ДОДАҒА ТҮСУ – НАМЫСЫҢДЫ ҚАМШЫЛАУ

ДОДАҒА ТҮСУ – НАМЫСЫҢДЫ ҚАМШЫЛАУ

0
429

Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Берікбай Атагелдиев Тасқарасу ауылындағы Ядикар Мансуровтың дүкеніне 16 желтоқсан күні бас сұғып, дүкен иелері мен тұтынушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Алдағы сайлау жөнінде әңгіме қозғады. Тауар алуға келген Хуршидәм Манапова да әңгімеге араласты. Тәуелсіздік мерекесінің қаншалықты құнды екендігін айтқан Хуршидәм апай алдағы сайлау туралы да молынан хабардар екендігін байқатты. Елімізде жүргізіліп жатқан саясаттың өте оңды екендігін айтып, бай, қуатты елдің тұрғыны болғандығын мақтаныш тұтатындығын жасырмай, еліміздің бұдан да бай, бақуатты болуына тілектестігін жеткізді. Осының бәрі де «Nur Otan» партиясының салиқалы саясатының арқасы екендігін де тіліне тиек етті.


Дүкен қожайыны Ядикар кандидаттың арнайы келгендігіне ризашылығын білдіріп, «Nur Otan» партиясының бәрінен озатындығына сендірді. Өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп, ауыл тұрғындарына қызмет етуіне партияның ықпалының зор болғандығын түсіндірді. Сондықтан да партияның алдағы сайлауда көш басында болып, оның тілекшілерінің көп бола түсетіндігін да айтты. Шағын ауылда өз кәсібін үйлестіріп, өзіне де, ауылдастарына да жақсылық жасап отырған кәсіпкер «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін және оның жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді. Ал тұтынушы Хуршидәм Манапова еш ойланбастан «Nur Otan» үшін дауыс беретіндігін және оның жеңімпаз атанатынына да еш күмән келтірмейтіндігін түсіндірді.
Жоғары көңіл-күйге, ауылдастарының ыстық ықыласына бөленген депутатыққа үміткер Берікбай Атагелдиев дүкеннен шығып ауылдың белсенді жасы Айтуған Нұрақынов-тың шаңырағына барды. Бір жағы мерекемен құттықтап қайту ниеті болса, екінші жағынан алдағы сайлау науқанына үгіт-насихат жұмыстарымен келгендігін айтты. «Прима құс» фабрикасында бригадир болып жұмыс істейтін Айтуғанның алдағы сайлау туралы өз ойын білдік. Шағын ауыл үшін құс фабрикасы дегеніңіз табыс көзінің бірі. Сондықтан жұмыссыз жүрген ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсарып, кіріс көздерінің молаюы жолында аталмыш фабриканың берері көп. Айтуғанның айтуынша халықтың қамы үшін, ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мынандай цехтың салынуы еліміздегі саясаттың дұрыс жүргізіліп, «Nur Otan» партиясының кәсіпкерлікке кең жол ашуының арқасы екен. Өз кезегінде Берікбай Атагелдиев «Nur Otan» партиясының алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен де бөлісті. Халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы жолында көптеген бағдарламаларды ұсынған партияның қалың елі үшін атқаратын жұмыстарының әлі қомақты болатындығына сендірді кандидат.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…