Басты бет Сайлау 2021 ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ӨСКЕН ЕЛМІЗ

ҰЛТТАР ТАТУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ӨСКЕН ЕЛМІЗ

0
398

Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген жүйелі де салиқалы саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік жылдары экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған елу елдің қатарына қосылды. Енді озық отыз елдің қатарына ену үшін жалпы ел болып жұмыла жұмыс атқарудамыз. Бұл жеңіс бізге жайдан жай келе қалған жоқ. Қазақта «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөз бар. Отанымыз үшін, халқымыз үшін ат­қарылар игі жұмыстарды өзара ақылдасып, кеңесе отырып талқылап, оңды шаралар қабылдай білгендіктен және «Nur Otan» партиясының берік ұстанымы арқылы бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік және дамыған елдер қатарына қосылдық.


«Nur Otan» партиясы қоғамымызда үлкен беделге ие. Ол ел-жұртпен етене жұмыс істеудің жар­қын үлгісін көрсетіп жүр. Оның басты миссиясы – ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау, ел татулығын сақтау. Менің ойымша, «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі арқылы көптеген жақсылыққа қол жеткізді. Көрші елдердегі араздықтар мен дау-дамайлардан сабақ алған Елбасымыз мемлекетімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың басын бір шаңырақ астында топтастырып, өзге ұлт өкілдерінің өгейлік көрмей, тәуелсіз еліміздің бар жақсылығын бірге бөлісуіне мүмкіндік тудырды. Елбасымыздың көрегендігі, алысты болжай алатын қасиетінің арқасы. Құрғақ сөз, мадақтау деп ойлайтындар табылар. Кім не десе о десін бүгінгі тыныш, бейбіт өміріміз үшін біз Нұрсұлтан Назарбаевқа тек алғыс арқалатуымыз керек. «Nur Otan» билік басындағы партия ретінде, мәселелерді шешуде бастамашы болып, мәселені дәйекті және жүйелі түрде шешетін жетекші саяси күш ретінде өзін танытты. «Nur Otan» партиясының даму жылдары, еліміздің қарқындап алға басу жылдары және Елбасының жоспарларына сәйкес серпінді даму жылдары деуімізге толық негіз бар. «Nur Otan» Елбасының саяси ұланы ретінде, биліктегі партия ретінде, бүкіл жауапкершілік салмағын сезіне отырып, ұлтты патриоттық жұмылуға шақырды. Оның нәтижесін көріп жүрміз. Қазіргі кезде патриот болу – Тәуелсіздік жылдарында қол жеткендерді сақтау деген сөз. Этносаралық татулық пен келісімді қорғау мәселелері – партияның басты саясаты болып табылады. Әлемдік сілкіністер өршіп, дүниежүзілік экстремизм және терроризм өсіп тұрған қазіргідей уақытта «Nur Otan» міндеті – ел азаматтарының бейбіт өмірін сақтау. Бұл жолда біз бақытты елдер қатарындамыз. Ұйқымыз тыныш, тамағымыз тоқ, балаларымыз аман. Өзім «Nur Otan» партиясының атынан депутаттыққа түскен кезде ең алдымен Отаным үшін мақтаныш сезімінде болғанымды жасыра алмаймын. Бүгінде білімім арқылы қолым белгілі бір биікке жетсе ол да партияның маған берген бағыт, бағдарының арқасы дер едім.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жауапкершілігі жоғары саяси күштерін біріктіріп, жалпыұлттық сенімге ие болып, елдің болашағы жолында атқарылатын істерге бастамашылдық танытып, оның мерзімінде орындалуына бақылау жасай беретін болады. Барлық таныстарымды, елі үшін бейқамдық таныта алмайтын барша қауымды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын.

Әлия АҚЖОЛТАЕВА,
облыстық мәслихат депутаттығына кандидат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…