Басты бет Сайлау 2021 Көшбасшы партияның көшбасшылары

Көшбасшы партияның көшбасшылары

0
507

«Nur Otan» партиясы тізімімен аудандық мәслихатқа үміткерлер қатарында «Жазерке» ансамблінің әншісі Еркебұлан Нұржақып да бар. Жас болса да аудан халқына өзінің өнерімен танымал болып қалған жас енді мемлекетіміздің саяси өміріне араласуды жөн деп тауып, «Nur Otan» партиясының тізімімен кандидат болып тіркелген. Сайлауалды үгіт, насихат жұмыстары басталғалы кандидаттар ауыл-ауылдарды аралап, өз бағдарламаларымен, партияның ұстанымымен көпшілікті таныстыруда. Еркебұлан Нұржақып карантин режимін сақтай отырып жеке өзі «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандағы көпқабатты үйлердің тұрғындарына барды. Онда ол тұрғындарды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарын, алдағы жоспарларын айтып берді. Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызында өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндері, мектептердегі оқу жүйесі бойынша, мәдениет саласындағы жаңалықтар, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп, алдағы уақытта қайырымдылық шараларын өткізіп отыруға ұсыныс-пікірін де жеткізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…