Басты бет Әлеумет ШТАБТЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШТАБТЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

0
848

Осыдан бірнеше ай бұрын партияішілік басталып еді.  Содан бері білек сыбана іске кіріскен «Nur Otan» партиясы сайлау жұмыстарын жоспарға сай жолға қоюда. Күні бүгін ғана аудандық партия ғимаратының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының ашылуы болып өтті. Жиын модераторы, аудандық партия филиалының сайлауалды штабының төрағасы Мәулен Нұров жиынға ауданда енгізілген карантиндік режимге байланысты адамдардың бір ортада көп шоғырланбауын сақтай отырып, штаб мүшелері мен БАҚ өкілдерінің ғана қатысып отырғанды-ғын айтты.

Баршаңызға белгілі, Конститу-циялық мерзімде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында Парламент мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа сайлау өткізілмекші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2020 жылдың 11 желтоқсанымен 2021 жылдың 8 қаңтар аралығы сайлау алдындағы үгіт жүргізілетін мерзім болып танылады, – деп сөз бастаған Мәулен Мұқажанұлы сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының өзекті бір бөлігі ретінде партияның сайлауалды штабтарының және оның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.
Кейін партияның сайлауалды бағдарламасын азаматтар арасында насихаттау және түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларына сайлаушылардың ұсыныстарын, тілектерін жинау бойынша жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында партияның аудандық филиалының сайлауалды штабы жұмысының басталғандығын ресми хабарлады. Сонымен қатар, пандемия кезі ескеріліп, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауды тек қана партияның сенім білдірген адамдары, не партиядан партиялық тізімге енгізілген кандидаттар бекітілген кестесіне сәйкес онлайн-қабылдау жүзеге асырылатындығын айтты. Қажет болған жағдайда офлайн-қабылдаудың болатындығын да ескертті.

Штаб төрағасы сайлау науқанындағы жұмыстардың дұрыс атқарылуы және жоспарға сай орындалуын қадағалайтынын тілге тиек етіп, штаб мүшелерін жұмыла жұдырық болып жұмыс жасауға шақырды. Жиын соңында штаб мүшелеріне Қазақстан Республикасы Алматы облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша «Nur Otan» партиясы ҚБ Алматы облысы Ұйғыр аудандық филиалының сенім білдірілген адамы болып тіркелгендігін растайтын куәліктері табысталды.

Сабирәм
ӘНВӘРОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…