Басты бет Әлеумет Жұмылып жұдырық болайық

Жұмылып жұдырық болайық

0
1,443

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы мынандай жалпы жаһан дүрбелеңге түсіп, аты жаман аурудың әлемді жайлап, адамзаттың үрейін ұшырған сәтінде жарық көруі заңдылық.  Табиғат байлығына өте бай еліміздің мұнай қоры, басқа да қазба байлықтары өз халқымызды асырауға жетеді. Дегенмен барын бір күнде ішіп тауысқан мешкей болмай ертеңгі ұрпаққа қалдыратын дүниеміздің шашау шықпауы да керек. Ұлттық қорымыз да жайдан-жай құрыла салған жоқ. Міне бүгінгідей сыналар шақта осының бәрі халқымыздың ризығы екені дәлелденіп жатыр. Қаржы дағдарысы, экономикалық құлдырауларды да бірлесе отырып бағындырып, бұл ауруды да бірлесе жүріп жеңетінімізге сенеміз. Саясаттың тереңіне бойлап, оның қыр-сырын жоғары деңгейде меңгерген тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы тұста өз халқын тағы да сабырға шақырды, салиқалы сөзін арнап, арнайы мақаласын жариялады. Кемел көшбасшы бола білген Нұрсұлтан Назарбаев барлық жұртшылыққа аталы сөзін арнады. Оның ішінде жастарға да ақ тілеуін айтты. «Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін» – деді.  Жаңа өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті,  кішіге  – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар, – деп өзінің батасын берді. Бұдан артық қандай даналық керек бізге. Бірлесіп, ақылдасып, жұмылып жұдырық бола жүріп барлық белестерді бағындырғанбыз, бұл ауруды да жеңеміз.

Ақмарал АЙТБАЕВА,

Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…