Бүгінгі таңда еліміз ғана емес бүкіл дүниежүзі жаман індет – коронавируспен күресіп жатыр. Мыңдаған жанның өмірін қиған дерттің алдын алып, сақтық шараларын жүргізу баршамызға ортақ міндет. Осындай қиын қыстау күнде ЕлбасымызНұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтарға«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жолдады. Аталған мақалада Тұңғыш Президентіміз қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кіріскендігімізді, мемлекет тарапынан тиісті сақтандыру шараларының жасалып жатқандығын айтып өтіп бұл қиын күндерді де ел болып еңсереміз деген сенімін білдірді.
«Әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет. «Nur Otan» партиясының мүшелері де осы бір сауапты істің алдыңғы қатарынан табылуға тиіс» — деп, халық сенімін арқалап жүрген еліміздегі көшбасшы «Nur Otan»партиясына да үлкенжауапкершілік жүктеді. Осы тұста партия төрағасы артқан сенімді ақтап, бірлігі бекем ел екенімізді дәлелдеуіміз қажет. Табысы азайып, жұмысынан қысқартылған азаматтар мен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға партия тарапынан көмек қолын созамыз. Азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттардың халыққақол жетімді болуын қамтамасыз етеміз. Балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасаймыз.
Намысын таптатпаған, ешкімге алақан жайып қайыр сұрамаған, рухы асқақ ел екенімізді ескеріп, бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып қиындықтарды бірге еңсереміз деп сенемін.
Мәулен НҰРОВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасры, аудандық мәслихаттың депутаты