Басты бет Өңір тынысы Алматы облысында ашық аспан астындағы мұражайлар бой көтермек

Алматы облысында ашық аспан астындағы мұражайлар бой көтермек

0
1,522

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысында үш жүзден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Мәдени, рухани құндылыққа ие болатын жобалардың әрқайсысы «Туған жер» бағдарламасын белсенді іске асыру мақсатында жүзеге асырылмақ.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында «Жетісудың жеті кереметі» аспан астындағы ашық мұражаларын ашу, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында «Жетісудың жеті өнері» ат  жарысы және «Алма алқабын гүлдендіру» туристік фестивалі ұйымдастырылады.

Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін шетел мұрағатын зерделеу барысында 50-ден астам жоба жүзеге асырылатын болады. Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге «Жетісу туралы араб, түрік және парсы көздері» экспедициясы өткізіледі.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Өлкетану» тақырыбында челлендж, вайн-инфо, квест байқауы жарияланатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…