Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылы Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жария етті. Мұнда Мемлекет басшысы алдағы жылдарда атқарылуға тиісті нақты тапсырмаларды беріп, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы жолындағы бағдарламаларды белгіледі. Соның ішінде бастаманың біріншісі – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге» арналған болатын.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан Елбасының салиқалы саясатының арқасында ширек ғасырдың ішінде-ақ етек-жеңімізді жиып, аз ғана уақытта дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіріп, қуаттылығымызды бірнеше есеге арттырдық. Тіпті шеттен келген қонақтардың өзі еліміздің сәулетіне, келбетіне, сұлулығына тамсана да, қызғана да қарайтын болды. Осылайша Қазақстан деген мемлекетті барша әлем таныды. Әр жылы Көшбасшымыздың нақты тапсырмалары жүйелі түрде жалғасын тауып, асығымыз алшысынан түсті. Бұл ел мен жер үшін атқарылып жатқан жұмыс болғандықтан Қазақстан халқы да елдің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Сол сияқты Елбасының биылғы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін барша қазақстандықтар қолдап, қуаттады. Соның ішінде халық үшін ең негізгісі бастаманың бірінші бағыты – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» болатын. Шындығында еліміздің әр түкпірінде тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүрген отбасылар үшін бұл қолжетімділікті арттырудың мүмкіндігі екендігін әрбір жанұя түсінді. Мемлекет басшысы бастаманың бірінші бағытында «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын» деген болатын. Яғни «7 – 20 – 25» бағдарламасы дегеніміз несие өсімінің мөлшері жылына жеті, бастапқы жарна 20 пайыздан аспайтын, оның ай сайынғы төлемін азайту үшін 25 жылға дейін несие рәсімделмек. Бұл әрбір қазақстандық үшін берілген зор мүмкіндіктердің бірі десек қателеспейміз. Осыған сәйкес еліміз бойынша тиісті жұмыстар басталып, бағдарламаны жүзеге асыру барысы да қарқынды келеді. Әр өңірлерде дайындық жұмыстары басталып, тіпті қалаларда бағдарлама біртіндеп жүзеге асуда. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 193 қазақстандық аталмыш бағдарламаның негізінде баспаналы болған. Осыған орай біздің ауданымыз да бұдан шет қалған жоқ. Елбасының аталған тапсырмасын орындау мақсатында ауданымыз алдағы жоспарға көпқабатты тұрғын үй салуды қойып, тиісті орындарға ұсыныс берген. Егер жоспарлы жұмыстарымыз ойдағыдай жүзеге асар болса, аудан азаматтарының бірқатары тұрғын үймен қамтамасыз етілері сөзсіз.
Думан
САРТБАЕВ