Басты бет Рухани жаңғыру Қасиетті жердің қадірін асырсақ

Қасиетті жердің қадірін асырсақ

0
1,976

ЖАЛПЫ БІЗДІҢ ТУҒАН ЖЕРІМІЗДІҢ КӨРКІНЕ ЖЕТЕТІН ЖЕР ЖОҚ-АУ. ШИПАЛЫ СУЫМЫЗДЫҢ ДАҢҚЫ ТЕК ЕЛІМІЗ ЕМЕС, ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ДЕ ҚҰЛАҒЫНА ЖЕТКЕНІ ҚАШАН. ШАРЫН ШАТҚАЛЫ, КАНЬОН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТЕРЕҢІНЕ ҮҢІЛДІРСЕ, ТАУЛАРЫМЫЗ БЕН БАУЛАРЫМЫЗ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫМЕН ТАЛАСА АЛАТЫНЫ АҚИҚАТ. 


Ал енді көрші аудандағы Көлсай туралы аңызға бергісіз әңгімелерді естігенде шыны керек оны көруге аңсарың ауып, арманың үлкейе түсетіндей. Осы арманымыздың орындалуына мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы себепкер болды. «Нұр Отан» партиясының «Тарлан тарих тағылымы» жергілікті жобасы аясында партияның аудандық филиалы, жастар орталығы, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бірлесіп көркіне көз тоятын Көлсайға саяхаттап барып қайттық. Партияның бақылау комиссиясының төрағасы Жәнет Керімқұлов Көлсайдың тарихы, табиғатына қатысты қызықты әңгімелер айтса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров «Туған жер» бағдарламасының мәні, маңызы, осындай таңғажайып жерлерді аралау, олардың тылсым сырымен танысу ұрпаққа аса қажет екендігін түсіндірді. Шын мәнінде Алланың құдіретіне таң қалмасқа шараң қалмайды екен. Мынандай сұлулықты тек Жаратушы ғана жасай алатындығына, оның шеберлігіне таңдай қағыстық.
«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылғандығын, парк аумағында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафтар кездесетіндігін естігенімізбен, өз басым бірінші рет көргендіктен бе әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін еместігін сезіндім. Бұл «Туған жер» бағдарламасының ең тамаша саяхаты болды. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайыңды көліне дейін автокөлікпен баруға болады екен. Бір күндік экскурсия әрине уақыттың тапшылығын байқатса да аз ғана сәттің өзі керемет күй сыйлағандығын айтқым келді. Еліміздің осындай көрікті жерлерін насихаттау бағытында жүзеге асар жұмыстар көп болуы керек. Біздің топ үшін бұл күн туған жеріміздің кереметтігін тағы бір сезініп, қасиетті жерлердің қадірін асырғандай күйде болғанымызды жасыра алмаймыз.
Сумбат ТУҒЛУҚОВА,
«Нұр Отан» партиясы
аудандық филиалының сарапшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…