Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр болса да, бүгінде Қазақстанның аты әлемге әйгілі. Ақырын жүріп анық басып, оза шауып бәйге алдық. Әр жылы ұлт мақтанышы, ел Президентінің салиқалы Жолдауы халыққа жол тартып жатты. Әр Жолдауда басым бағыттар мен міндеттер тайға таңба басқандай көрсетілді. Көзі ашық, көкірегі ояу қоғам қай Жолдауды болмасын, аса ыждаһатпен бағалады. Жүзеге асырды.
Биыл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қалың бұқараға жол тартты. Еңсемізді көтеріп, етегімізді жиған тұста, мәдениетімізді арттырып, тарихымызды таразыға салатын сәт келді. Экономикасы қарыштап, өркениеті қанша дамып тұрса да, рухы мен мәдениеті төмен ұлттың болашағы бұлыңғыр. Ал болашақ дегеніміз не? Ол –бүгінде білім нәріне сусындап келе жатқан мектеп оқушылары.
Аталмыш мақаланың негізінде №1 орта мектепте біраз ауқымды шаралар атқарылды. Ел саясатын, экономикасы мен әлеуметтік, мәдени жағдайын ақпараттан-дыру мектеп қабырғасын-да жақсы үрдіске айналған. Қалың шәкірттің ой-өрісін дамытуда №1 мектеп мұғалімі Г.Елікбаева 9 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Жасырын емес, бүгінде оқушы тәрбиенің басым бөлігін білім ошағынан алады. Тәлімді дұрыс беретін мектеп түлегінің болашағы жарық бола алады. Ашық сабақ ең алдымен амандасудан басталды. Айта кетейік, қазіргі күні адам баласының бір-бірімен амандасуы, ата-бабадан қалған үрдіс біртіндеп қолға алынып келеді. Ашық сабақтың басынан амандасуға да ұлттық сипатта басымдық көрсетуі осы себеп.
Сондай-ақ оқушылар топқа бөлініп, пазл әдісі бойынша білім деңгейлерін көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде бейнеролик түсіріліп, ол оқушылар назарына ұсынылды. Бейнероликті көрген оқушылар көкейге түйгендерін айтты. Әр оқушыға қиықшалар берілді. Бөлінген қиықшаларды толықтырып, тақырыпты жан-жақты аша білді. Ашық сабақ оқушы көзқарасымен қалыптасты. Мұнда болашақ ұрпақтың болашаққа деген сенімі қаншалықты, Отанды сүю, Отанын қорғай білу сияқты қасиеттерді қалыптастыруда да ауқымды жұмыстар көрсетілді.
Сабақ соңында, талай қазақтың жүрегін тебірентер «Алға, Қазақстан!» әні орындалды. Білімін көрсете білген оқушы да, сабаққа қатысқан қонақтар да жақсы әсерде болды.
Б.СПАТАЕВА,
№1 Шонжы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ
Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұрпақтың парызы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп…