Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Алибайқызы Айжан мәлімдеді.
Аталмыш акция ағымдағы жылдың 13 және 19 қараша аралығында республикалық деңгейде ұйымдастырылмақ. Осыған орай, қала деңгейінде түрлі конкурстар мен акциялар өткізілмек. Олар «Айқын бол» және «Қамқор Ана» конкурстары, «Сіздің жолаушыңыз бала» мен «Жүргізуші менің өмірімді сақта» акциялары. Сонымен қатар, 19 қараша күні Бүкіләлемдік жол көлік оқиғасынан құрбан болғандарды еске алу күні болғандықтан, ІІД жеке құрамы мен жалпы халықтың қан тапсыру және «Еске алу аллеясы» акциялары өткізіледі.
Сондай-ақ, ЖКО-да қайтыс болғандарды еске алу үшін, ІІД ЖПҚ ғимаратаның ауласына талдар отырғызу, балабақшалар арасында шығармалар мен суреттер жарысы. Осындай шаралар қоғамды жол апаттарының салдарына көңіл бөлуіне, жолдарда жол қауіпсіздігін сақтауға және жүргізуші мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
«Акцияның мақсаты жол көлік апатын болдырмау, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол жүрісі қатысушыларының санасын өзгертуде қуатты қоғамдық қолдау көрсету, ЖКО-да қайтыс болғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасыларының қайғысына ортақтасу болып табылады », — деді Алибайқызы Айжан.
Айта кетейік, акцияларды қорыта келгенде, Талдықорған қаласының Қаратал өзенінің жағалауында, ЖКО қайтыс болғандарды еске алу рәсімінде, әуеге шарлар жіберу