Басты бет Өңір тынысы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАСЫЛЫМДАРЫ 500 МИЛЛИОНЫНШЫ ДАНАСЫН ШЫҒАРДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАСЫЛЫМДАРЫ 500 МИЛЛИОНЫНШЫ ДАНАСЫН ШЫҒАРДЫ

0
1,400

Ата басылымдардың бірі болып саналатын «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттері 500 миллионыншы данасын жарыққа шығарды. Осы бір тарихи оқиғаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметі кезекті отырысын өткізді.

Қос басылым алдағы жылы ғасырлық тойын тойлайды. Осы мерейтойға байланысты Журналистер үйі мен «Жастар» спорттық кешені арасында журналистер аллеясын ашу көзделіп отырғаны айтылды.

Өз кезегінде халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз алды:

– Шын мәнінде бұл біздің және облыс әкімі Амандық Баталовтың пешенесіне жазылған тарихи оқиға. Тарихи тойдан күтеріміз көп. Газеттің тарихы, естеліктер мен қызмет еткен қаламгерлердің шығармашылығы топтастырылған «Ғасыр ғұмыр» атты кітап шығару ең бірінші кезекте. Оған қоса, «100 жылға 100 шара» айдарымен 100 игі шара ұйымдастырамыз. Атап айтсақ, республикалық ақындар айтысы, жыр мүшәйрасы, ардагерлермен кездесу, оқырманмен жүздесу, спорттық турнирлер өтеді. Осы орайда айта кету керек, ұжым 2-3 жылдың ішінде жалынды жастармен толықты. Олардың қай-қайсысы да талантымен көпке таныла бастаған, болашағынан зор үміт күттіретін журналистер. Олардың бірі қазіргі таңда «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет етуде. Біз жастарды ата басылымда жемісті қызмет етуі үшін баспанамен қамтуды ойластырудамыз.

«Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов те ғасыр қойнауынан мол мағұлымат ұсынып, аты орысша болғанмен, заты ұлттық құндылықтардан құралған көне басылымның артықшылықтарын сөз етті.

— Осы уақытқа дейін 42 редактор басшылық етті. Әр жылдары түрлі атаумен оқырманға жол тартқан газет 1964 жылдан бастап «Огин Алатау» атауына ие болды. Басылым орыс тілінде жарық көргенімен атамұра мен ұлттық құндылықтарты құнттап, салт-дәстүрді насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуда жемісті еңбек етіп келе жатыр. Өз басым басшы ретінде журналистің қос тілді жетік білгенін талап етемін, — деді ол.

Сонымен қатар, «Огни Алатау» газетінің саны 200 мыңға жеткенің және екі газеттің де «Алтын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтары сынды марапаттарға ие болғандығын айтты.

Айта кетейік, брифинг соңы газеттің 500 миллионыншы данасын жас журналистерге  үлестірумен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Шошанайлық ағайын мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.…