Басты бет Әлеумет 2020 жылға қарай Алматы облысында газдандыру деңгейі 45 %-ке жетеді

2020 жылға қарай Алматы облысында газдандыру деңгейі 45 %-ке жетеді

0
1,612

Биылғы жылы «Алматы — Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингісінде белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Табиғи газды асыға күткен облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізді. Сөйтіп өңірді газдандыру 23% құрап отыр.

— Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден, өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден, тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, — деді Амандық Баталов.

Еске салсақ, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…