Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

0
1,346

Алматы облысы республикада ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бойынша бірінші орында. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Мәселен, облыста еліміздегі сояның 97%, жүгері мен қант қызылшасының  64%, жеміс-жидектің 37%, көкөністің 25% өсіріледі. Оған қоса аймақ еттің 20% , сүттің 13%, жұмыртқаның 23 процентін өндіріп отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы АӨК-ке 36 млрд. теңге инвестиция тартылған, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 31 %  артық.

— Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын  948 мың гектарға жеткіздік. Мемлекет басшысының аграрлық салаға жаңа технологияларды енгізу туралы тапсырмаларын орындау бағытында   облыста жердің 17% озық технологияны қолдану негізінде өңделеді. Соның арқасында дақылдардың өнімділігі 34 % артты, — деді А. Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…