Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1280 ГЕКТАРҒА ЖАҢҒАҚ БАҒЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1280 ГЕКТАРҒА ЖАҢҒАҚ БАҒЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
1,650

Алматы облысында биылғы жылы тұңғыш рет 1280 гектарға жаңғақ ағашы отырғызылды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысының айтуынша, интенсивті бақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Алқаптан сөреге дейінгі кластерлік негізде жұмыс істейтін компаниялар қазірдің өзінде бар. Мысалы, «Амал БИО» компаниясы өсірген өнімдерін өзі сақтап, өзі өңдейді. Өнімдері Қытай, Пәкістан, Иран секілді шет елдерде айтарлықтай сұранысқа ие.

Жалпы, өңірдегі бақтардың көлемі 22,4 мың гектарға жетсе, соның 2,1 мың гектары – апорт алмасы.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН МОҢҒОЛИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі зейнетақыларды тағайындау және төле…