Басты бет Жолдау БОЛАШАҚ БІЛІМДІЛЕРДЕ…

БОЛАШАҚ БІЛІМДІЛЕРДЕ…

0
20

Мемлекет басшысы, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдпуында ел алдындағы ең маңызды да кезек күттірмес міндеттерді айшықтай келе, білім беру саласына ерекше тоқталды. Мектеп, мұғалімдердің мәртебесі, ата-аналар мен оқушылардың қарым-қатынасы мәселелері де айрықша айтылды. Осы саладағы түйткілдерді ашық айтып, «Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет» деп мәні де, маңызы да зор мәлімдеме жасады.

Осыған орай, білім саласындағы 50 жылдан асқан тәжірибеміздегі түйгендерімізді ортаға салып, оқырмандармен бөлісуге бекіндім.

Әлбетте, біз артымызға сұмдық дамып кеткен ел қалдырмасақ та қолдан келген мүмкіншіліктерді жасап кетсек, өскелең ұрпақ елімізді өздері-ақ дамытып аларына сенімім кәміл. «Хо-о-ош, ол үшін не істеу керек десеңіз?» Мен мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынар едім:

  1. Білімділікті ел республика деңгейінде үлкен трендке айналдыру керек. Бізде білім қуып жүрген баланы «оқымысты», «білімпаз», «ботаник», «математик», «Эинштейн», т. б. деп кемсітіп, мазақ қылу әлі де орын алуда, одан арылу үшін озат оқушылардың суреттерін мектеп залдарына ілу бүгінгі күні мотивация болудан қалды. Ол суреттерді көшеге ілейік. Жақсы оұитын балаға басқалар қызығып, еліктейтіндей аура туғызуымыз өте қажет.
  2. Әр оқу жылы аяғында «Оскар» сыйлығы сияқты, «ең үздік оқушы», «ең озат матеметик», «үздік физик» тағы басқа осы сияқтыларды анықтауды дағдыға айналдыру керек.
  3. Балаға мотивация беру аз, сондай-ақ баланы өсіріп, тәрбиелеп отырған ата-анасын елдің алдында көрсетіп, мақтап, марапаттау қажет.
  4. Әрі, балаға білім беріп отырған мұғалімге, ондай мұғалімді басқарып отырған мектеп басшыларын жұрт көзінше мақтап-мадақтап, қомақты силықтар беріп отыруымыз керек.
  5. Марапаттаушылар ретінде осы саладағы озат ғалымдар, профессорлар, академиктер келсе нұр үстіне нұр болар еді.
  6. Ол іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып,тікелей эфирлерде басты арналардан көрсетілсе көрім болар еді.
  7. Сондай-ақ, фестиваль аясында әр түрлі деңгейдегі білім олимпиадаларында орын алған оқушыларыызды көрсетіп, мақтап-мадақтап, сол ауылдан, ауданнан, облыстан шыққан еліміздің ірі кәсіпкерлері демеуші болып, қомақты силықтар мен сертификаттар табыстап жатса, білімділікті трендке айналдыруға үлкен үлес болар еді.

Қазіргі таңда біздің балаларымыздың көрген-баққандары көбіне тик-токер, блогер, әнші, актёрлар екенін ешкімнен жасыра алмайтынымыз анық. Әрине, олар да керек шығар. Бірақ, оның алдында инженер, ғалым, математик, тағы басқа сол сияқты деңгейде танымал болуларына, сондай деңгейде беделді, атақты болуына жұмыстансақ деймін.

Егер бүгін білімді баланы елдің қаһарманына айналдыра алсақ,еліміздің-Қазақстанның ертеңгі болашағы үшін алаңдамауға болатынына сенімдімін. Себебі, елді дамытатын ең алдымен білімді жастар.

Жәнет СӘДІҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЙЕҢИ ҚУРУЛУШ – ЙЕҢИ ИМКАНИЙӘТЛӘР

Елимизниң турақлиқ риваҗлиниши, хәлиқниң турмуш сүпитиниң яхшилиниши, әң алди билән, һәрби…