Басты бет Жолдау АЗАМАТЫ АДАЛ, МЕМЛЕКЕТІ ӘДІЛЕТТІ – МӘҢГІЛІК ЕЛМІЗ

АЗАМАТЫ АДАЛ, МЕМЛЕКЕТІ ӘДІЛЕТТІ – МӘҢГІЛІК ЕЛМІЗ

0
21

Биыл мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын әдеттегіден сәл кешеуілдетіп берді. Оның себептері де көп. Жаңа Конституция өмірімізге енді. Құрылтайдың су жаңа депутаттары жаңаша жұмысқа кірісті. Биыл еліміз саяси оқиғаларға өте бай болды. Жаңа Қазақстанды жаңаша сипатпен жасау үшін әрқайсысымыз өз жұмысымызға жауапкершілікті арттырып, мемлекет басшысының әр сала бойынша берген тапсырмаларын мұқият орындасақ бір алмайтын қамал болмас.

Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату деп айтқаны жүрегіме жылы тиді. Болашақтың бағдарын, ұрпағымыздың бақуатты елде тұруын қалаған басшының шынайы ниеті деп қабылдадым. Шын мәнінде балаларымызға не қалдырамыз? Деген сұрақ мені де мазалайды. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Бір сөзбен айтқанда, біз осы тарихи жауапкершілікті терең сезіне отырып, өскелең ұрпақтың игілігі үшін мол қаржы қалдырумен қатар, технологиялық тұрғыдан өркендеген, бәсекеге қабілетті әрі күшті экономикасы, озық инфрақұрылымы бар, өмір сүру үшін қолайлы, әр азаматтың өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған жаңа тұрпатты мемлекет құрып, аманат етуіміз керек, дегенін әр азамат өзіне жүктелген аманат деп қабылдаса нұр үстіне нұр болмақ. Халықтың әл-ауқаты жақсы болса, ол білім мен ғылымға, өнер мен спортқа, роботехникаға, басқа да заман талабынан қалдырмайтын салаларға бет бұруға зор мүмкіндік деп түсіну керек шығар.

Мұғалімдерге қатысты айтқан ойы да көңілге қонымды. Жалпы мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуды тапсырды мемлекет басшысы. Ол да дұрыс. Сабақ өткеннен бөлек қағазбастылықтан шыға алмай жатқан мұғалімдердің еңбегін дұрыс түсінгендігі деп ойладым. Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек, дегенді таптап айтты. Соңғы кездері мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайларды да жасырмады. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс еместігін түсіндіріп оқу-ағарту министрлігіне бұл жұмысты жіті назарда ұстауды тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілерге де қатысты ойын ашық білдірді. Мемлекеттік қызметшілер кәсіби білікті, озық маман болуға тиіс. Өкінішке қарай, әзірге мұндай деңгейге жеттік деп айту қиын. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеген жөн. Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс. Бұл жерде жекелеген өзгерістер туралы сөз болып отырған жоқ. Бізге шынайы реформа қажет. Көзбояушылыққа жол беруге болмайды. Бұл – құқықтық және қаржылық шаралар қабылдауды талап ететін аса күрделі үдеріс. Біздің басты мақсатымыз – Әділетті, Күшті, Таза, Озық Қазақстанды құру. Яғни Президентіміздің талабы орынды және оны жүзеге асыру – уақыт талабы. Дәл осындай жауапты кезеңдерде ұлттың мінезі айқын көрінетіндігін жеткізді мемлекет басшысы. Енжарлық пен бейқамдық танытқан ел тарихта жеңімпаз ұлт болмайтыны анық. Мемлекет дамуының ең жоғары өлшемі саналатын да, барлық реформаның игілігін көретін де (қазіргі тілмен айтқанда бенефициарлары) – біздің азаматтарымыз. Сондықтан менің стратегиялық бағдарымның өзегінде әділдік идеясы тұр, деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі елімізді тек тазалық пен әділдікпен алға жетелей аламыз деген ұстаным тұрғаны анық. Азаматы адал, мемлекеті әділетті, таза Қазақстанда мәңгілік елге айналсақ деген тілек, арман әр жүректе болса екен.

Саян АХМЕТОВ,

аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЙЕҢИ ҚУРУЛУШ – ЙЕҢИ ИМКАНИЙӘТЛӘР

Елимизниң турақлиқ риваҗлиниши, хәлиқниң турмуш сүпитиниң яхшилиниши, әң алди билән, һәрби…