Жамбыл ауданында жол инфрақұрылымын жаңарту және ауылішілік көшелердің сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың сегіз айында аудан аумағында жол жөндеу жұмыстарына 3,1 млрд теңге бағытталды. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Ертас БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазірде аудандағы ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы — 915 шақырым. Оның 76,1 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл 16 нысан бойынша 60,7 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 45,4 шақырымы жөнделіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы Нұрлан Ертастың айтуынша, жол инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың күнделікті қатынауын жеңілдетіп, әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты жөндеу кезінде халық үшін маңызы жоғары бағыттарға, әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерге және көлік қозғалысы қарқынды учаскелерге басымдық берілуде.
Ауданда жол жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Негізгі мақсат – жолдардың сапасын жақсартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады
🇰🇿🇧🇪Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с Королем Филиппом и Королевой Матильдо… -
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Фили… -
Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,2%-ды құрады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысын…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
2026 жылдың қаңтар-маусымындағы Қазақстанның жалпы өңірлік өнімі
2026 жылғы қаңтар-маусымдағы өндіріс әдісімен ЖІӨ көлемі (есепті деректер бойынша) 71 215 …
