Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 437–450 шақырым аралығындағы жаңартылған учаскесі пайдалануға берілді.
Жолдың ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
«Бұл жоба ең алдымен өңір тұрғындары үшін маңызды. Жаңартылған учаске жол бойындағы елді мекендер арасында қауіпсіз әрі жайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл бағыт Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнарына баратын туристер үшін де маңызды», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Жаңартылған жол учаскесі көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартуға және көлік құралдарының тозуын азайтуға мүмкіндік береді.
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағыты өңірдің әлеуметтік-экономикалық және туристік маңызы жоғары көлік дәліздерінің бірі саналады. Оның сапалы болуы елді мекендер арасындағы байланысты жақсартып қана қоймай, Катонқарағай ұлттық паркі мен Рахман қайнары сияқты туристік нысандардың қолжетімділігін арттырады.
Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуда көлік инфрақұрылымының сапасы ерекше маңызға ие. Өңірдің табиғи көрікті жерлеріне келушілер санының артуы жолдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды да күшейтіп отыр.
Облыс әкімі жолды жаңғыртумен қатар, оны алдағы уақытта тиісті деңгейде күтіп ұстау және сапасын ұзақ жылдар бойы сақтау маңызды екенін атап өтті.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
…
-
«Өнерлі ауыл» – ауыл мәдениетін дәріптеген фестиваль
Ұйғыр ауданындағы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында ұйымдастырылып жатқан «Өнер… -
Кітаппен достасқан ұрпақ – білімді ұрпақ
Шонжы мектеп-лицейінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет…
