Алматы облысында ауылдық елді мекендердегі медицнаның сапасын жақсартуға ден қойылуда. Бүгінде шетелден біліктілігін арттырған мамандардан құралған мобильді медициналық топ 7 қыркүйек пен 9 қазан аралығында халыққа қызмет көрсетпек. Бұл туралы облыстық денсаулықс ақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.
Аталған мобильді топ шалғай аудандарда өз жұмысын жалғасытырады. Атап айтқанда, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
«Биыл жергілікті бюджет есебінен медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 160 миллион теңге бөлінген болатын. Осы қаражаттың 100 миллион теңгесіне наурыз-сәуір айларында 37 ақ халатты маман Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының жетекші клиникалық базаларында білімін жетілдіріп қайтты. Енді олар алған тәжірибесін өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуға арнауда»,-деді өңірдің бас дәрігері Ержан Сүлейменов.
Мобильді топ құрамында психиатр, балалар нейрохирургы, хирург, травматолог, акушер-гинеколог, педиатр, неонатолог және жалпы тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Мамандар ауылдық жерлердегі халыққа консультациялық-диагностикалық қызмет ұсынып, күрделі клиникалық жағдайлар бойынша операторлық жолмен хирургиялық ем ұйымдастырады. Сонымен қатар жергілікті әріптестеріне практикалық тренингтер өткізіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуде.
Бұл бастама шалғай елді мекендердегі тұрғындарға сапалы әрі мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мобильді топтың жұмысы созылмалы және алғаш рет анықталған ауруларды ерте кезеңде айқындауға мүмкіндік береді.
Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі, қоғамдық қатынастарды ретте… -
Жасыл желек: Қонаевта 1000 ағаш егілді
Қонаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл желек» эконауқаны ұ… -
Жасыл желек: в Конаеве высадили 1 000 деревьев
В Конаеве в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» прошла экологическая акция «Жасы…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетігенде 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынады
Алатау қаласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау ин…
