Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура мен полиция департаменті бірлесіп кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Жұмыстар криминогендік ахуалы күрделі Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласын қамтыды. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, әділет аға кеңесшісі Бахытбек Қарымсақов пен Алматы облысы ПД ҚҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Рахым Толокулов мәлімдеді.
Іс-шаралар барысында қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, аула аумақтарында және автожолдарда бақылау күшейтілді. Нәтижесінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, 800-ден астам жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Рейдтермен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдері тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
«Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы криминогендік ахуалдың жақсарғаны байқалды. Қылмыс деңгейі 16,6 пайызға төмендеп, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 205-тен 171-ге азайды»,-дейді Алматы облысы ПД ҚҚБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Рахым Толокулов.
Бүгінгі күні тәуліктік орташа тіркелген қылмыстар саны 14 пайызға қысқарған. Сондай-ақ ауыр қылмыстар 64-тен 26-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 54-тен 44-ке, онша ауыр емес қылмыстар 28-тен 25-ке дейін азайды. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың саны 20 пайызға төмендеп, 34-тен 24 дерекке азайған екен.
«Күшейтілген профилактикалық жұмыстар жүргізілген барлық бес аумақта да оң динамика тіркелді. Атап айтқанда, Қарасай ауданында қылмыс деңгейі 18,5 пайызға, Талғар ауданында – 10,5 пайызға, Іле ауданында – 46,2 пайызға, Еңбекшіқазақ ауданында – 23,8 пайызға, ал Қонаев қаласында 50 пайызға төмендеді»,-деп айтты Алматы облысы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары, әділет аға кеңесшісі Бахытбек Қарымсақов.
Бұл нәтижелер құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы, профилактикалық шараларды күшейту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы кешенді тәсілдің тиімділігін көрсетті. Алматы облысында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
С высоты – о важном: участники авиашоу призвали казахстанцев прийти на выборы в Курултай
Самолеты над предгорьями Заилийского Алатау, фигуры высшего пилотажа, групповые пол… -
Көк аспаннан маңызды үндеу: ұшқыштар қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
Іле Алатауының бөктерінде қалықтаған ұшақтар, жоғары пилотаж элементтері, топтық ұшулар ме… -
Ұйғыр ауданы: ел болашағына бағытталған маңызды таңдау
Ұйғыр ауданының тамыздағы тыныс-тіршілігінен алдағы маңызды саяси науқанның лебі анық сезі…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық кезеңінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Дауыс беру күні жақындаған сайын әлеуметтік желілерде сайлауды әділ ұйымдастыруға күмән ке…
