Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібі, мүгедектікті белгілеу рәсімі және осы саладағы өзекті мәселелер бойынша брифинг өтті. Спикер ретінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов сөз сөйледі.
Брифинг барысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылу тәртібі түсіндіріліп, азаматтарды куәландырудың заңнамалық негіздері таныстырылды.
Спикердің айтуынша, медициналық-әлеуметтік сараптама Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі және оның негізгі мақсаты – азаматтың организм функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесін, тіршілік әрекетінің шектелуін және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін кешенді бағалау.
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінің басты қағидаттары – заңдылық, ашықтық және әділдік. Әрбір шешім медициналық құжаттар мен қолданыстағы нормативтік талаптар негізінде қабылданады. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтарын қорғап, мемлекеттік қолдау шараларының нақты мұқтаж жандарға әділ әрі уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету», – деді Айдынжан Нарматов.
Брифингте медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негізгі негізі екені атап өтілді. Азаматтар диагностикалық, емдеу және оңалту шаралары толық жүргізілгеннен кейін алғашқы немесе қайта куәландыруға жіберіледі. Сонымен қатар анатомиялық кемістігі бар, емделмейтін ауруларға шалдыққан және паллиативтік көмек алатын адамдар үшін ерекше тәртіп қарастырылған.
Спикердің мәліметінше, қазіргі таңда Алматы облысында мүгедектігі бар 43 122 адам тіркелген. Оның ішінде 84 пайызы – ересектер, 16 пайызы – балалар.
Департамент тарапынан мүгедектікті белгілеудің, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындаудың және әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың заңдылығына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Бұл жұмыстар медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған сырттай проактивті куәландыру тетігі арқылы да жүзеге асырылады.
Брифинг барысында республика көлемінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде сырттай проактивті куәландыру кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілері бар 167 жағдай анықталғаны айтылды. Оның 19-ы Алматы облысында тіркелген. Барлық фактілер бойынша бақылау куәландырулары жүргізіліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, заңсыз тағайындалған әлеуметтік төлемдер тоқтатылған.
«Департамент медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінде ашықтықты арттыру, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді», – деп қорытындылады Айдынжан Нарматов.
Басты бет Денсаулық Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібі түсіндірілді
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі
Қазақстан Республикасының 2026 жылы қабылданған жаңа Конституциясы елдің құқықтық дамуының… -
ЖАҚСЫЛЫҚ БӨЛЕКШЕ ӘНШІ ЕДІ
1971 жылы болуы керек, иә, сол жылы қыркүйек айының аяқ шенінде балалық шақта өмір табысты… -
БИРЛИККӘ ҚОШУЛҒАН ҮН
Сәнъәтниң тили ортақ. У милләт таллимайду, тил вә чегара билән чәкләнмәйду. Бир сәһнидә я…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы облысында 103 қызметіне 403 мыңнан аса қоңырау түскен
Алматы облысында тұрғындарға шұғыл әрі сапалы медициналық көмек көрсету жүйесі қарқынды да…
