Меншік құқығы – әрбір азаматтың заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, әркімнің заңды түрде алған мүлкін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Сондықтан меншік құқығын қорғау мәселесі қоғамдағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.Меншікке қолсұғушылық, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену, алаяқтық, ұрлық сияқты құқықбұзушылықтар азаматтардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет меншік құқығын қорғауға бағытталған заңнамалық нормаларды тұрақты түрде жетілдіріп келеді.Азаматтар өз мүлкін қорғау үшін құқықтық сауатты болуы қажет. Кез келген келісімшарттарды заң талаптарына сай рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды мұқият сақтау, күмәнді мәмілелерден сақтану – меншік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жолдары. Меншік құқығы бұзылған жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгінуге құқылы. Сот арқылы келтірілген шығынды өндіріп алу, заңсыз иеленілген мүлікті қайтару және құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қарастырылған. Қорытындылай келе, меншік құқығын қорғау – әрбір азаматтың әл-ауқатын, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Өз құқығын білу және оны заң аясында қорғау – құқықтық мәдениеттің басты көрсеткіші.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Жетігенде 250 адам қабылдайтын жаңа емхана салынады
Алатау қаласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау ин… -
Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
Алатау қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және жол-көлік жүйесін дамыту бағытынд… -
Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті артып, жаңа өндіріс орындары мен ірі инфрақұрылымды…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚАРМАҚҚА ТҮСКЕН ҚАРЖЫ
Бір телефон қоңырауы, әлеуметтік желідегі жарнама немесе мессенджерге келген күмәнді сілте…
