Басты бет Әр қилы Мемлекеттік инспекторардың міндеттері мен құқықтары!

Мемлекеттік инспекторардың міндеттері мен құқықтары!

0
39

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде 36 мемлекеттікеттік инспектор жұмыс істейді. Барлық қызметкерлердің жоғарғы білімі бар. Мемлекеттік инспекторлардың құқықтары мен міндет­тері бірнеше заңнамалық акті­мен реттеледі. Бұл – Еңбек кодексі, Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы заң, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс т.б. Өз құзыретіміз шеңберінде мемлекеттік инспекторлардың ең­бек құқықтарын, моральдық нор­маларын және кәсіби әдепті қор­ғау бойынша жұмыстар жүргі­зіп, нормаларды насихаттаймыз. Бүгінде кейбір қызметшілер өз құқықтары мен міндеттері жөнінде толық біле бермейді. Осыған байланысты директордың орынбасары құқықтық ағарту және түсіндіру жұмыстарын, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы бұқараралық ақпарат құралдарында (Instagram) тікелей эфирде жиналыстар өткізіліп тұрады. Парк аумағында ормандарды өрттен және орман заңнамасының басқада бұзушылықтарынан күзету, зиянды аурулардан жәндіктерді қорғау жөніндегі жұмыстарға, сондай-ақ ормандағы жабайы жануарларды қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік инспекторлар нысандық киім мен таңбалармен омырауға тағатын белгілермен, қызметтік куәліктерімен және қарумен қамтамассыз етілген. Мемлекеттік инспекторлар паркке келіп түсетін табиғат заңнамамен болған заң бұзушылықтар туралы хатамаларды толтырып және оның бүлінуінен болған залалды айқындайды. Парк аумағындағы орман өрттерін сөндіруді басқарады. Орман орналастыру және жобалау іздестіру жұмыстарын орындау кезінде көмек көрсетеді, осы жұмыстардың сапасын бақылайды. Парк мемлекеттік кузету қызметкерлерінің орман шаруашылығы, орман жануарларын қорғау, өртке қарсы және биотехникалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі оқуын, сондай-ақ еңбекті қорғау және қаупсіздікті техникасы, еңбек  заңдарын сақтау жөніндегі оқуы мен оларға нұсқама берілуін ұйымдастырады. Басшының тапсырмасы бойынша парк қызметінің мәселелері бойынша, сот органдарына мекеменің мүделерін білдіреді. Өз міндетімен қоса қорғау аумағында дөрекілік көрсетпеу, жұмыс бабында асыра сілтеушілік болдырмау мен жауапкершілікті сезіну, қандайда болмасын заң бұзушылық анықталған кезде заңды шешімін табуға, қызметтік тәртіпті (этиканы) ұстану. Қажетті құжаттарды жүргізу және даярлау кезінде ұқыптылықпен заңдылықты сақтау. Ұлттық парк аумағында тәртіптік, материалдық, қылмыстық жауапкершілікті, парк басшылығының өз құзырына қатысты шығарған бұйрықтарын, өкімдерімен таныстырып тұру.

Парк және қорғау аумағында барлық шарушылық әрекеттермен қатар басқада заң  бұзушылыққа алып келетін әрекеттерді тоқтатуға, ерекше қорғалатын аумақта келеңсіз әрекеттерге тиым салуға құқылы. Қызметтік бағытта өзіне сеніп тапсырылған  материалды  құндылықтарды қорғауға, сақтауға, мекеме бойынша жасалынған ұжымдық шартта және ҚР басқада заңдарын да көрсетілген жеңілдіктерді қолдануға толық құқылы.

Шарын МҰТП РММ кадр жөніндегі инспектор К.Р.Сатыбалдиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

19 наурыз — жаңару күні