Қасиеті жылаған, қасіреті тамшылаған қан сиялы далам менің… Сен өмірдің өзіндей жұмбақсың. Құпияңды ашам дегенді аңызға айналдыратын әдетің және бар. Шаншыған тал бәйтерек боп бойласа, ол да сенің Құдай берген мәрттігің деп білемін. Жазира қырыңда жыр жазған Фариза ақын айтпақшы, сені қалай сүю керектігін мен ешқандай кітаптан оқығам жоқ. Әйтсе де сені терең, толық түсіну үшін тарихты парақтап ем, жүрегіме мұң ұялатып алғанымды өзім де байқамаппын. Бүгінгінің бағы – көненің киесі екен ғой!
Сенің төсіңде мен үшін, мен сияқты миллиондаған ұрпақтың жарығы үшін асылын сарқа толқытқан жырауларым мен азаматтан арда туған, тұңғыш рет жылқыға құрық байлатып, жүген салған арыстан жүректі жауынгерлерімнен қалған дүрлі дүние ғасырларға даналық көші боп Рух арқылы бойлап барады. Бұл да бір дастан сөйлетер тағдыр шығар?! Әйтсе де сол періште – күбір тағдыр тілін түсіне алмадым. Ол сенің бал-бал тастарыңдағы жазудай шежірелі һәм құпиялы. Бал-бал тастардың өзін оқу үшін Қадыр Мырзаәлінің шәкірті айтпақшы, мен сияқты елу адам керек екен. Он жеті миллион адамнан елу ғылыми көзқарасы жаһандық жаңалық ашуға құштар қауым табылады. Демек, уақыты келгенде бал-балым да оқылады.
«Түйсігіңде түнесе жыр-әулие,
Көз алдыңда құлпырар мына дүние!». Ғаламнан тыс өзіңнің микроәлеміңді зерттеу үшін жалғыз қалатын сәті бар жаратылыс мен ғана ма? «Дулығаны» оқып болғасын, шау тартқан Шарын өзеніне келдім. Арлы-берлі қоңырқай қырдан құралай сағым ойнайды. Іштей оқыған кітабымды қайталай бердім. «Дулыға» – ол «түрік» деген мағына береді. Өз тарихым арқылы өткен тағдырымда білдім. Сондықтан, жан дүниенің мөлдірлігін сақтап «Рух» атты жүрек пен мидың тізе қосқан тұсындағы ішкі діңгегінің беріктігіне алаңдайтын адам тарихи кітап оқуы тиіс деген қорытындыға келдім. Әлемнің ешқандай Академиясы біле алмайтын даналық рухты болмысына сіңіріп, тәуелсіз елде, тәуелсіз көзқараспен ғұмыр кешуім керектігін және сезіндім.
Шарын өзенінің жағасында боз жусан көп өсетін.
«Әлдене» деді, жусандар,
Естімесем де ұғындым». (Оңайгүл Тұржан.
Бозалаң түсті болса да, ақиқатшыл ақ жүрегімен олар: «Рухың мұқалмасын!» деді. Сенесіз бе?!
Айжан АСАНҒОЖА
ТАСҚАРАСУ
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ
Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұрпақтың парызы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп…