Басты бет Ата Заң Референдум – ел болашағына жауапты қадам

Референдум – ел болашағына жауапты қадам

0
109

Бүгін еліміз үшін маңызды күн.  Референдум аясында өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. Мен, аудандық мәслихат депутаты Шарипходжаев Жеңіс Бейсенбекұлы, еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын осындай саяси науқандарға әр азаматтың белсенді қатысуы аса маңызды деп санаймын. Еліміздің дамуы мен жарқын келешегі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан мұндай тарихи маңызы бар сәттерде әрбір азамат өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруі қажет. Бұл – ел тағдырына бейжай қарамай, қоғам өміріне белсенді араласудың көрінісі. Халықтың пікірін ескере отырып шешім қабылдау – мемлекетіміздегі ашықтық пен демократиялық қағидаттардың айқын дәлелі. Осындай маңызды кезеңдерде азаматтардың белсенділігі ел болашағын айқындауда үлкен рөл атқарады.

Баршаңызды ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық маңызы бар бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ – ЖАҢА МЕРЕКЕ

Конституция – қоғам мен билік арасындағы ең биік келісім. Ол мемлекеттің не үшін өмір сүре…