
Бүгін еліміз үшін аса маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтуде. Мен де осы маңызды күні референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Мұндай маңызды саяси шараға қатысу – әрбір азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі деп санаймын.
Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын осындай тарихи сәттерде халықтың белсенділігі ерекше маңызға ие. Сондықтан әр азамат бейжай қалмай, өз пікірін білдіріп, дауыс беру арқылы ел дамуына өз үлесін қосуы керек.
Референдум – халықтың таңдауын білдіретін маңызды демократиялық құрал. Әрбір дауыс – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына қосылған үлес. Осы орайда барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Нұрсұлтан Болатұлы
“AMANAT” партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы
