Арнайы құрылған топтар «Есіктен есікке» форматында тұрғындармен кездесіп, референдумның маңызы мен дауыс беру тәртібін түсіндіруде.
Сонымен қатар көшелер мен қоғамдық орындарда ақпараттық материалдар таратылып, тұрғындарға түсіндірме парақшалар ұсынылуда. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алуда.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – халыққа референдумның маңызын жеткізу, әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Себебі әрбір дауыс – еліміздің болашағына жасалған маңызды таңдау.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
