Басты бет Референдум Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті

Коалиция өкілдері ауыл жұртшылығымен кең форматта кездесті

0
15

Ұйғыр ауданындағы Кіші Диқан елді мекенінде өткен кездесуде Конституциялық реформаның дайындалу кезеңдері мен мазмұны туралы кеңінен ақпарат берілді.

Коалиция мүшелері жоба кезең-кезеңімен әзірленгенін, 130 сарапшыдан тұратын Конституциялық комиссия жұмыс істегенін және 10 мыңнан астам ұсыныс қаралғанын айтты.

Коалиция мүшесі Жеңіс Шарипходжаев қоғамдық талқылаудың маңызын ерекше атап өтті.

«Бұл құжат тар шеңберде дайындалған жоқ. Ұсыныстар арнайы порталдар арқылы қабылданып, комиссия отырыстарында қаралды. Әрбір бап сарапшылар сүзгісінен өтті. Сондықтан жаңа Конституция – қоғамның кең қатысуымен қалыптасқан құқықтық келісім. 15 наурыздағы референдум – сол келісімді халықтың тікелей бекіту кезеңі», – деді ол.

Тұрғындар референдумға қатысу – азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін аудан көлемінде республикалық референдумға байланысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Арнайы құрылған топтар «Есіктен есікке» форматында тұрғындармен кездесіп, референдумның ма…