Басты бет Әлеумет ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ – ЕҢБЕК

ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ – ЕҢБЕК

0
3,049

Бүгінгінің балалары әрине біле бермейді, орта буын мен үлкендер жағына жақсы таныс мерекелердің бірі күзгі жиын-теріннің аяғында жасалатын «сабантой» деген болатын. Онда нағыз еңбек адамдары бидай, жүгерілерін, алма, басқа да жемістерін жинап болғандығы жөнінде мемлекет алдына есеп беріп, қағаналары қарық, қыстың қорын жинағандары үшін бастарын қосып үлкен той жасайтын. Оған бала болсақ та бізді ілестіріп апаратын. Жақсы істегендерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, бір-бірін құттықтаған жұрттың қуанышында шек болмайтын. Кілем, телевизор сияқты қымбат зат алғандар тойды жалғастырып, ән мен бидің «көкесін» көрсететін. Аудандық мәдениет үйіндегі еңбек күні мерекесінен сол кездегі балаң елестің кейбір тұстарын сезінгендей күй кештік. Сахнаға еңбек адамдарының бейнесін жасап шыққандар да жүгерілерін, алма, жүзімдерін көтеріп, дала әуендерінен ән шырқап, берекенің белгісін танытты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылдың 22 қарашасындағы № 698 Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланғандығы белгілі. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылатындығын жеткізген шараны жүргізуші қыз, жігіт еңбек нанының қаншалықты тәтті болатындығын да түсіндіріп өтті. Сонан соң аудан әкімі Шухрат Нурахунов жиылғандарды «Еңбек күні» мерекесімен құттықтап, күз мезгілі жиын-теріннің, молшылықтың айы, береке мен мерекенің мезгілі екендігін тәптіштеп, еңбек мерекесін арнайы атап жүргенімізге көп болмаса да, ол еліміздегі жаңа мерекелер қатарында тойланып жатқандығын айтып, шараға жиналғандарды, жалпы аудан халқын осы айтулы күнмен құттықтады. Аудан экономикасын көтеруге атсалысып жүрген, өз кәсіптерінің нәсібін көргендерге ризашылық сезімін жеткізіп, өзінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Елбасының биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да елімізді өркениетке жетелейтін, дамыған елдердің қатарынан орын алатындай деңгейге жеткізетін нақты тапсырма. Соның ішінде еңбек адамына деген құрмет, туған жерге деген ыстық ықылас бәрі-бәрі осы шарада айшықталды.
Аудандық «Жазерке», «Арзу» ән-би ансамбльдерінің музыкалық сәлемдерінен басқа Ақтам ауылынан келген Әлдібай Таңжарық баламыздың, шарындық Абылай Жұмановтың әндері жиылғандарға ерекше дем беріп, мереке көрігін қыздыра түсті. Еңбек адамдарына деген құрмет, қошемет осылай ән мен күймен жалғасын тапты.

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…