Басты бет Көкжиек ШАБЫТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

ШАБЫТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

0
49

А.Розыбакиев атындағы орта мектепте орыс тілі мен ұйғыр тілі пән бірлестігінің «Полиглот» апталығы жоғары деңгейде өтті. Бұл апталық жай ғана жоспарлы іс-шара емес, мектеп өміріндегі нағыз шығармашылық мереке болды. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол мәдениет пен рухани байлықтын кілті екенін оқушылар тағы бір мәрте сезінді.

Апталықтың ашылу рәсімі мектеп дәлізінде ерекше көңіл күймен басталды. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктірген бұл күндер білім мен өнердің, ой мен қиялдың тоғысқан шағына айналды.

Бағдарлама мазмұны бай әрі әралуан болды. Ашық сабақтар, интеллектуалдық ойындар, мәнерлеп оқу сайыстары, сахналық қойылымдар мен әдеби кештер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды. Әсіресе, «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойындарды оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, топпен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырды. Ал «Белоснежка и семь гномов» және «в гостях у Корнея Чуковского» қойылымдары кішкентай көрермендерге ертегі әлемінің есігін ашты.

Мәнерлеп оқу байқауында орыс және ұйғыр тіліндегі шығармалар оқылып, тіл әуезділігі мен сөз мәдениеті ерекше көрініс тапты. «Бир дәвирниң икки жүрәк садаси» әдеби кеші ұлттық әдебиетке деген құрметті арттырып, оқушылардың рухани дүниесін байытты.

Апталықтың басты жетістігі – тек білімділікті көрсету емес, оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Мұғалімдер сабақ барысында ойын элементтерін, сахналық көріністерді, топтық жарыстарды кеңінен пайдаланды. Бұл әсіресе оқу мотивациясы төмен оқушыларды  тартуда тиімді әдіс екенін көрсетті.

Апталық барысында көптеген оқушылар өз бойындағы қабілеттерін ашты. Бірі – шешендігін, бірі – актерлік өнерін, бірі – көшбасшылық қасиетін көрсетті. Осы апталық көптеген оқушылардың өз бойындағы қабілеттерін ашты. Мұндай шаралар баланың тек білімін емес, тұлғалық дамуын қалыптастыратыны анық.

Апталықтың жабылу салтанаты концерттік бағдарламамен аяқталды. Бұл күн оқушылар мен мұғалімдердің ортақ еңбегін жарқын қорытындысына айналды.

Диларам ИВИЗОВА,

А. Розыбакиев атындағы орта мектебінің

ұйғыр тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚТАМНЫҢ РУХАНИ БАСТАУЫ

Заманауи әлемде елдер мен мемлекеттер тек білім арқылы ғана бақталаса алатындықтары риясыз…