Аталған кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру, оның ел болашағына әсерін талқылау және тұрғындардың пікірін тыңдау .
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған басты өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту мәселелері ерекше атап өтілді.
Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ашық жеткізді. Еркін форматта өткен диалог барысында ел дамуының жаңа кезеңіндегі Конституцияның маңызы, оның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа ықпалы жан-жақты талқыланды.
Кездесу қорытындысында жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси жаңғыруының нақты қадамы екені, оның әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны айтылды. Тұрғындар тарапынан белсенділік танытылып, өзгерістерге қолдау білдірілді.
Осындай мазмұнды кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен түсіністікті арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Басты бет Ата Заң Сүмбе ауылдық округінде «Жаңа Конституция жобасы – болашақтың шынайы бағдары» тақырыбында ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Ерлан Сайыр: Қоғам Ата заңның нормаларын бұлжытпай орындауы керек
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменов…
