Басты бет Рухани жаңғыру ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫНА БІЛӘЛ ҚУАНЫШ «QAZLATYN.KZ» КОНВЕРТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫНДАРЫНА БІЛӘЛ ҚУАНЫШ «QAZLATYN.KZ» КОНВЕРТЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

0
1,173

Талдықорғанда Елбасының «Рухани жаңғыру» баяғдарламасы аясында Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және облыстық ішкі саясат басқарманың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі: техникалық мүмкіндіктер» аты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құрметті қонақ ретінде шақырылған «Қамшы»  порталының жетекшісі, «Attila Group» компаниясының өкілі  Біләл Қуаныш «Qazlatyn.kz» атты қаріп ауыстыру конвертерін таныстырып, ерекшеліктерін атап өтті. «Біздің мамандарымыз он жылдан бері зерттеп келе жатқан қазақ әліпбилерінің конвертер жүйесі осы күнге дейін әлем қазақтары пайдаланып келген кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қателіксіз аудара алатын бірегей жүйе деп сеніммен айта аламыз. Парламент мәжілісінің тыңдауында таныстырған жүйе  төте жазумен оқитын Қытай қазақтары да, латын әліпбиімен оқитын Еуропа қазақтары да осы конвертер арқылы жаңа әліпбидегі мәліметті оқи алады», — деді Б.Қуаныш өз сөзінде.Шараны жүргізген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар латын қарпі мүмкіндіктерін талқылай келе: «Тіл мамандары өзара келісіп, жыл аяғына дейін бекітілген қаріпті ұсынады деп ойлаймыз. Біздің облыс латын қарпіне көшуге қашан да дайын деп айта аламыз», — деді.Сонымен қатар, аталған тақырыпта өз пікірлерін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара, облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшысы Данияр Жаныс, Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сүйгенбаева Ботагөз білдірді.Жастарға  қызмет көрсету орталығының, Талдықорған  қалалық білім  бөлімінің,   облыстық «Тіл» оқу әдістемелік орталығы  мен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма қызметшілері және БАҚ өкілдері қатысқан жиын пікірталастарға толы болып, көптеген көкейде жүрген сұрақтарға жауап алынды.  Естеріңізе сала кетсек, Біләл Қуаныш өз конвертерін қыркүйектің басында Мәжілісте өткен «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау кезінде таныстырған болатын. «Qazlatyn.kz» конвертерін мобильді қосымша ретінде жүктеп алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…