
Жаңа Конституция жобасында бірлік пен келісімнің мемлекеттің іргелі құндылықтары ретінде айқындалуы – ел тұрақтылығы мен қоғамдық татулықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп санаймын. Қазақстанның көпұлтты әрі көпконфессиялы қоғамы үшін өзара сыйластық пен түсіністік – тұрақты дамудың басты шарты.
Аталған қағидаттардың конституциялық деңгейде бекітілуі азаматтарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыруға және мемлекет тұтастығын сақтауға қызмет етеді. Бұл ел ішіндегі бейбітшілік пен сенімді нығайтып, болашақ ұрпаққа берік негіз қалайды.
Османов Арлен Сеналұлы «Ұйғыр аудандық ұйғыр этномәдени орталық» ҚБ-нің төрағасы
