Басты бет Саясат КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСТА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ

КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСТА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ

0
42

     Конституциялық реформаға байланысты кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева өз ойын ортаға салды. Конституция жобасының 27-бабында қолданыстағы редакциядағыдай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені, ал балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екені бекітілген.

«Бұл нормалар декларативті тұрғыда емес, нақты қолданбалы сипатқа ие. Олар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағы күнделікті жұмысымызға арқау болып отыр. Балаларды қорғау мәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымымызды қорғағанда біз дәл осы Конституциядағы түбегейлі қағидаттарға сүйенеміз», деді Динара Закиева.

Комиссия мүшесінің айтуынша, конституциялық нормалар өмірде нақты көрініс табуда. Тек өткен жылдың өзінде мемлекет тарапынан 51 мыңнан астам оқиға кезінде қауіп-қатер дер кезінде анықталды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілген.

Балаларды қорғау тек дағдарыс жағдайларында әрекет етумен шектелмейді. Ол сондай-ақ балаларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау, білім мен тәрбие беру ісіне, қауіпсіздігіне және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтиды. Бұл үдерісте баланың әл-ауқатының негізгі тірегі ретінде отбасы мен ата-ананың жауапты қамқорлығына ерекше мән беріледі. Яғни баланың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты. Әрі қарай оның денсаулығына, біліміне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалатындығын айтты. Сондай-ақ  «Бұл норма қазақстандық қоғамның құндылықтарына негізделген және тұрақты дамуға мүдделі кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы талап балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын», деді ол. Яғни ерлі-зайыптылар некелерін заңды түрде арнайы орында тіркеп, бала-шағасын заңды түрде дүниеге әкелген соң оның құқықтары да заңменн қорғалатындығын жеткізді.

Сонымен қатар Конституция жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуы тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасайды», деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

 Баян МАМЫРБАЕВА.

Аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінің тілшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Большинство опрошенных казахстанцев поддержали Конституционную реформу – директор КИСИ

78% опрошенных казахстанцев поддерживают Конституционную реформу – директор КИСИ Публикаци…