Депутат Мұрат Әбенов атап өткендей, Конституция жобасында ұлттық және халықаралық мүдделердің теңгерімі толық сақталған. Бұл – еліміздің стратегиялық дамуы мен халықаралық аренадағы сенімді орнының кепілі.
Ұлттық мүддені қорғау мен халықаралық стандарттарды үйлестіру арқылы Конституция жобасы еліміздің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мұндай теңгерім мемлекеттің ішкі тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыруға да мүмкіндік береді.
Осы бастаманың маңызы – ел мүддесін халықаралық міндеттемелермен үйлестіре отырып, халықтың сенімін арттыруда. Бұл теңгерім – мемлекетіміздің болашаққа бағытталған, тұрақты және жауапкершілікпен жасалған стратегиялық қадамы.
Қалибай Шәйімбекұлы,
аудан тұрғыны
