ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов атап өткендей, конституциялық реформаның азаматтардың кеңінен талқылауына және қоғамдық қолдауға сүйенуі – оның басты ерекшелігі мен артықшылығы. Бұл – ел дамуына қатысты маңызды шешімдердің халықпен бірлесе қабылданып жатқанын көрсететін айқын дәлел.
Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан мұндай бастамалардың ашық түрде талқылануы, қоғам пікірінің ескерілуі – әділ әрі тиімді реформаның кепілі. Халықтың белсенді қатысуы мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенімді арттырады.
Осы тұрғыдан алғанда, конституциялық реформа – демократиялық қағидаттарға негізделген, ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Мұндай жаңғырулар Қазақстанның тұрақты дамуына, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және қоғамдық бірлікті күшейтуге қызмет етеді. Сондықтан бұл бастаманы толық қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Г.Әликеева, аудандық аналар кеңесінің төрағасы
