Конституциялық реформа – бұл жай ғана заңға енгізілген өзгерістер емес, бұл – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды тарихи шешім. Жаңа өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтіп, әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты орынға қояды.
Бүгінде әділдік, заң мен тәртіп, халықтың әл-ауқатын арттыру, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарының Конституция деңгейінде бекітілуі – ел болашағына деген үлкен сенімнің белгісі. Бұл қадам мемлекетіміздің демократиялық дамуына, халықтың билікке деген сенімін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жол ашады.
Сондықтан конституциялық реформаны қолдау – әрбір саналы азаматтың ортақ міндеті деп есептеймін. Өйткені бұл өзгерістер – келер ұрпақтың жарқын әрі қауіпсіз өмірінің кепілі.
Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Г. Аликеева
