Конституциялық реформа – еліміздің дамуына жаңа серпін беретін маңызды бастама. Бұл өзгерістер мемлекет қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, әр азаматтың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған нақты қадам болып табылады.
Жаңартылған Конституцияда әділдік, заң үстемдігі, жауапкершілік және халықтың пікірін ескеру секілді басты құндылықтар айқын көрініс табуда. Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып, ел бірлігін күшейтетін маңызды шешім.
Осындай оң өзгерістер арқылы біз тұрақты, дамыған әрі құқықтары қорғалған мемлекет құра аламыз. Сондықтан конституциялық реформаны қолдау – болашаққа деген сенім мен ел тағдырына бейжай қарамаудың айқын көрінісі.
Нұров Маулен Мұқажанұлы, зейнеткер, ауданның құрметті азаматы
