Басты бет Өңір тынысы «ШӨГЕН» ОЙЫНЫ ЖАҢҒЫРЫП ЖАТЫР

«ШӨГЕН» ОЙЫНЫ ЖАҢҒЫРЫП ЖАТЫР

0
1,520

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы Талғар ауданында халқымыздың ежелгі ұлттық ойындары шөген ойыны мен саятшылық өнерін жастарға кеңінен таныстыру жарысы өтті. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Оған БАҚ өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасы, оқушылар мен студенттер қатысты.

Шөген ойынының көрсетілімі «Almaty Hourse & Polo Club» спорттық ат  кешеніңде өтті. Онда «Almaty polo club» және «Almaty Horse&Polo Club» командалары ойнады. Аттың құлағында ойнайтын қазақ жігіттері аттарын әр чакер (кезең) сайын ауыстырды. Есеп 4:4 болып аяқталды.

Көне заманда пайда болған шөген ойыны жаңа ғасырда қайта жаңғырып, 2012 жылы елімізде Шөген федерациясы құрылды. Қазіргі таңда  әлем және еуро біріншіліктеріне шақырту алды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қараша айында республикалық турнир жоспарлануда және соған арнайы ұлттық нақышымызды айқындайтын киімдердайындалуда.

Ойыннан  кейін саятшылық өнер де көрсетілді. Онда бүркіт баптап,құмай тазы жүгіртті. Осындай бекзат өнерімізге қазіргі таңда бет бұра бастағандардың қатары көбейуде дейді құсбегілер. Қазақстан бойынша жалпы 110 бүркіт болса, соның 52 бүркіті осы Алматы облысында бапталады.

«Саятшылық өнер кенжелеп қалған өнер. Негізі ата-бабамыз кезінде бүркіт баптаған, қазір  енді қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда бүркітшілер басын қосып, түрлі  жарыстар өткізеді. Соның ішінде бүгінгі шарамыз өз деңгейінде өтуде. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Осындай жарыстардың арқасында жастарымыз саятшылық жайлы көп білуде», — деді бүркітші Бекет Алдабергенұлы.

Қазақ халқы қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Осындай ұлы өнерімізді келешек ұрпаққа жеткізу  аға буынға аманат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…