Басты бет Өңір тынысы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

0
971

Алматы облысының аумағында 1 095 өрт тіркелді. Ол көбіне тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындайды.Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

2017 жылдың 20 сәуіріне дейін қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу себептері бойынша 120 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 23 адам улы газбен уланған. Жарақат алудың негізгі себептері өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы деді өз сөзінде облыстық төтенше жағдай департаментінің азаматтық қорғау подполковнигі Катышева Толқын.

«Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. От жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру өте қауіпті. От жағуға жанармай, жермай, дизель отыны мен басқа тез жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Пештің үстіне киімдер мен отынды кептіруге болмайды және де үй жиһаздары, перделер жанып жатқан пештен жарты метрден кем емес ара қашықтықта орналасуы керек. От жағу маусымы басталар алдында шатырларда түтін жолдары өтетін барлық түтін мұржалары мен қабырғалар әктелуі керек», — деді Катышева Толқын.

Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Төтенше жағдайлар департаменті ұдайы түрде от жағу маусымының алдында  қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…