«Екі қолға , бір күрек іздегендер қайда барады?» деген түйін шешілді. Бүгінде халықты жұмыспен қамтумен «Мансап» орталықтары айналысады. Мансаптың алғашқы табалдырығы да осы мекемеден басталады. Мәселен, Қонаев қаласындағы Мансап орталығының қызметіне 2025 жылы 2 961 адам жүгінген екен. Бұл туралы Қонаев қалалық мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиев баспасөз-мәслихатында айтты.
Жалпы, жұмыспен қамту шаралары «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» негізінде іске асуда.
Жұмыспен қамту бір ғана сатыдан тұрмайды, әрі ол сан салалы. Үкіметпен бекітілген түрлі бағдарламалар тағы бар. Соны барлығы азаматтардың тұрақты жұмысқа тұруына ықпал етуде.
Мысалы, Қонаев қаласында өткен жылы қоғамдық жұмысқа 409 адам тартылып, оның 360-ы тұрақты түрде жұмысқа қалған. Ал, зейнет алды жастағы азаматтар болса, «Күміс жас» жобасының игілігін көруде.
Қонаев қалалық Мансап орталығының директоры Ернұр Абдалиевтің айтуынша, былтыр 50 жастан асқан 70 дам жоба аясында жұмысқа кірген. Сонымен қатар, 22 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына барған.
Дипломын қолына алған жастар да Мансап орталығы арқылы жұмысқа тұруда.
Түлектерге арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылы 47 түлек жіберіліп, оның 26 тұрақты жұмысқа тұрды. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 17 жасты жіберсек, оның 8-і нақты жұмысқа кірді»,-дейді спикер.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өткен жылы Қонаев қаласында конкурстық негізде 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілген. Алғашқы легінде 8 адамға 12 млн. теңгеге грант берілсе, екінші толқынында 11 адам жеке кәсіп бастауға мемлекеттен қолдау тапқан.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Мемлекеттік рәміздерге құрмет – заң мен тәртіптің айқын көрінісі
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның егемендігі мен біртұтастығын айқындайтын қаси… -
ҰЛТ САУЛЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Меншік құқығы – әрбір азаматтың заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Рес… -
Нашақорлық – адам тағдырына төнген қауіп
Нашақорлық – қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана е…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕНШІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың маңызды шарттарының бірі – азаматтардың меншік құқығы…
