Басты бет Саясат МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ «А» КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ

0
1,489

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссиясы мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына іріктеуді жариялады.  Жалпы Алматы облысы көлемінде «А» корпусының 19 лауазымы бар, олар 1 облыс әкімі аппаратының басшысы және 18 аудан, қала әкімдері. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«»А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болуы келуі тиіс. Мысалы, еңбек өтілі бойынша талаптарға тоқталсақ, 4-нші санатқа үміткерлерге жалпы еңбек өтілі 5 жыл, оның ішінде 2 жыл басшылық лауазымдарда (басқарма басшылары, орынбасарлары, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ұлттық компания, холдингтердің бірінші басшысы және орынбасарлары) болуы тиіс»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департаменттің басшысы Серікбай Өрікбайұлы.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 4-нен бастап 15-і аралығына кандидаттардан құжаттар қабылданды. Бүгінгі күні облыстан  «А» корпусына резервке тұруға 20 кандидат өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Джевдет Йылмаз поблагодарил за оказанное гостеприимство и передал Касым-Жомарту Токаеву теплые пожелания турецкого лидера

По его словам, Глава Турции придает особое значение своему предстоящему визиту в Казахстан…